
09.05.2026 ж. Рахат ауылдық округіне қарасты Қайназар ауылында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.
Іс-шара барысында соғыс жылдарында ерлік көрсеткен батырларымыздың рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды. Жиналған қауым майдангерлердің ерлігі мен ел үшін жасаған жанқиярлық еңбегін әрдайым құрметпен еске алып, өскелең ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.
Ұлы Жеңіс – ұрпақ жадында мәңгі сақталатын тарихи күн.