
09.05.2026 ж. Рахат ауылдық округіне қарасты Рахат ауылындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке жаңарту жұмыстары жүргізіліп, ашылу салтанаты өткізілді.
Іс-шара барысында ескерткішке гүл шоқтары қойылып, майдангерлер рухына тағзым жасалды. Жиналған қауым Ұлы Жеңістің маңызын атап өтіп, ел тыныштығы мен бейбіт өмір үшін жанын қиған батырларды құрметпен еске алды.