Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

“Рахат ауылдық округі әкімі аппаратының” мәжіліс залында «Халық пен Конституция: сабақтастық және насихат» тақырыбында, сондай-ақ интернет алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша округ тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында Конституцияның қоғамдағы маңызы, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағыттары талқыланды. Сонымен қатар интернет алаяқтықтан сақтану жолдары мен жеке деректерді қорғау мәселелері қаралды.

Іс-шара қорытындысында тұрғындарға сақтық шараларын күшейту, күмәнді ақпараттарға сенбеу және тек ресми дереккөздерге жүгіну қажеттігі атап өтілді.