Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпанда «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерту қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 8-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, 2026 жылдың 24 мамыр күні сағат 10:00-де Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылдық округі, Қайназар ауылы, «Рахат ауылдық округі әкімі аппаратының» ғимаратында, округке қарасты  Қайназар ауылының Атауы жоқ (Алматинская, Жамбыл, Б. Әбенов, О. Иманғожин) көшесіне ҰОС ардаргерінің есімін беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

  1. Атауы жоқ (Алматинская, Жамбыл, Б. Әбенов, О. Иманғожин) көшесі - Қалиев Мұсахан

 

      ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАША ХАТ

Көшелерге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімін беру — бұл халқымыздың тарихына деген құрмет, жас ұрпақтың бойында ерлік пен патриотизм рухын тәрбиелеудің жарқын жолы. Бұл ардагерлерге алғыс білдіру ғана емес, олардың ерлігін мәңгі есте қалдырудың маңызды тәсілі.

Қалиев Мұсахан

 

Қалиев Мұсахан - 1914 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қайназар ауылында дүниеге келген. 1938 жылы Алматы облысы, Іле ауданының Іле аудандық әскери комиссариаты арқылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Әскери қызмет барысында аға лейтенант әскери шеніне дейін көтерілді. Ұлы Отан соғысы жылдарында 290 миномет полкінде қызмет атқарып, майдан даласында ерлік пен батылдық көрсетті.

Көрсеткен ерлігі мен Отан алдындағы адал қызметі үшін 1943 жылғы 16 қарашада №315/н құжат негізінде 7-гвардиялық армияның Әскери Кеңесі тарапынан Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. Қалиев Мұсахан Ұлы Отан соғысы кезінде ерлікпен қаза тауып, Польша жерінде жерленген. Артында ұрпақ қалмаған.