Түнгі рейд

Түнгі рейд

10.04.2026 ж. “Рахат ауылдық округі әкім аппаратының” қызметкерлері мен ювеналды полиция қызметкерлерінің қатысуымен түнгі рейдтік іс-шара өткізілді.
Рейд барысында кәмелетке толмаған жастарға түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы түсіндіріліп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, сауда орындарының сатушыларына спиртті ішімдіктер мен темекі өнімдерін заңда белгіленген талаптар мен уақытқа сәйкес қана сатудың қажеттілігі жөнінде айтылды.