
Округ тұрғындарына интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түсіндірме барысында тұрғындарға алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері туралы ақпарат беріліп, күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке деректер мен банк картасының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеу қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы қаржылық шығындардың алдын алу жолдары түсіндірілді.