
Рахат ауылдық округі әкімінің орынбасары Р. Қыдырғожаев, учаскелік полицияның аға лейтенанты Ж. Темірхан және ветеринариялық дәрігер Ғ. Тойбазаров округ бақташылары мен тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында бақташы мен мал иесінің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ бақташыға әр мал басына төленетін бағасы, жайылым жерлерін пайдалану мәселелері жан-жақты талқыланды.