
Азат ауылында халықты сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбыры желілерін салу және реконструкциялау жобасын іске асыру жоспарлануда.
Аталған жоба аясында мердігер ұйымның қатысуымен, ТҮКШ және ТҮ инспекциясы бөлімінің басшысы Ермаханбет Нурадиннің қатысуымен техникалық кеңес өткізілді.
Кеңес барысында жобаның негізгі техникалық шешімдері жан-жақты қарастырылып, сумен жабдықтау жүйесінің тиімділігін арттыру жолдары талқыланды. Сонымен қатар, су резервуарын салуға арналған ең оңтайлы орын айқындалды.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Азат ауылының тұрғындары тұрақты әрі үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.