
Қайназар ауылында мердігер ұйым өкілдері, ауыл ақсақалы, сондай-ақ ТҮКШ және ТҮ инспекциясы бөлімінің басшысы Ермаханбет Нурадин мен Рахат ауылдық округі әкімінің орынбасары Кыдыргожаев Руслан қатысуымен техникалық кеңес өткізілді.
Кездесу барысында ауылда жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың барысы талқыланды. Атап айтқанда, қазіргі таңда елді мекенде сумен жабдықтау жүйесін салу және қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл жоба ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Яғни, жобаны іске асыру перспективалары жан-жақты қарастырылып, негізгі ұйымдастырушылық және техникалық мәселелер талқыланды. Сондай-ақ алдағы жұмыс кезеңдері айқындалып, әр тараптың міндеттері нақтыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша жобаны уақытылы әрі сапалы жүзеге асыруға бағытталған бірлескен іс-қимылдар бойынша келісімдерге қол жеткізілді.