
Еңбекшіқазақ ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан округке қарасты Рахат ауылының ішкі жолдарына орташа жөндеу жұмыстары екі жылдық жоба аясында өз жалғасын табуда. Осыған орай, ауылдың жігіт ағалары және белсенді тұрғындарымен бірлесе отырып, жоғарыда аталған бөлім басшысы мен мердігер мекеме өкілдерінің қатысуымен Рахат ауылдық округі әкім аппараты тарапынан жиын өткізілді.
Жиын барысында кемшіліктердің алдын алу мақсатында мәселелер жан-жақты талқыланып, ақылдасу жүргізілді.