
Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпанда «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерту қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 8-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, 2025 жылдың 26 желтоқсан күні сағат 12:30-да Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылдық округі, Қайназар ауылы, «Рахат ауылдық округі әкімі аппаратының» ғимаратында, округке қарасты Азат, Қайназар, Рахат, Өрікті ауылдарының 6 (алты) көшесіне Ұлы Отан соңысының 80 жылдығына орай Кеңес Одағы Батырлары мен ҰОС ардаргерлерінің есімдерін беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАША ХАТ
Көшелерге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімін беру — бұл халқымыздың тарихына деген құрмет, жас ұрпақтың бойында ерлік пен патриотизм рухын тәрбиелеудің жарқын жолы. Бұл ардагерлерге алғыс білдіру ғана емес, олардың ерлігін мәңгі есте қалдырудың маңызды тәсілі.
|
Иманқұлов Жолдан
|
Иманқұлов Жолдан 1925 жылы 3-ші шілдеде Еңбекшіқазақ ауданының Маловодное ауылында дүниеге келген. Отан соғысында Мариуполь және Мелитополь – 2-ші Украин майданында кіші командир қызметін атқарады. Содан соң 3-ші Беларусь майданына ауыстырылады. Соғыс біткеннен кейін 1950 жылға дейін армия қатарында болады. 1966–1970 жылдары Қазақстан Республикасының Жоғары кеңесінің депутаты болған. 2013 жылдың 12 маусымында Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы танылды. Ұлы Отан соғысының еңбек ардагері 88 жасқа қараған шағында қайтыс болды. |
|
Даньяров Кадырбай |
Даньяров Қадырбай 1912 жылы Рахат ауылында дүниеге келген. 1941 жылы соғыс басталғанда сержант дайындайтын штабта оқып, гвардия сержанты болып, Еңбекшіқазақ военкоматынан 10.04.1942 жылы соғысқа аттанды. 03.09.1945 жылы ауылға оралып, 1945 жылдары егінде бригадир болып жұмыс атқарды. 1953 жылдары мал шаруашылығымен айналысты. Еңбек демалысына шыққаннан кейін 1974 жылы Ильич атындағы колхоз құрылысының участогінде еңбек етті. 1981 жылы 10 қыркүйекте өмірден өтті. |
|
Жакилин Иргебай |
Жакилин Иргебай 1920 жылы Семей облысы Қарқарада туылған. Бастауыш мектепті Қарқарада бітіріп, 1931–1935 жылға дейін жетім балалар үйінде тәрбиеленді.1939 жылы қараша айында Жамбыл облысы Красногор ауданының военкоматының шақыруы бойынша Қызыл әскер қатарына шақырылды. 1941–1945 жылға дейін майданда болды. Майданда болып жараланады. Содан 1946 жылы қаңтарда госпитальда емделіп шығып елге оралады. Қалған барлық саналы өмірін Қайназар ауылындағы Ш. Уалиханов атындағы орта мектепте өнегелі ұстаздық етіп (1946–1978 жылға дейін), Қазақстан оқу-ағарту ісінің үздігі, Еңбек ардагері атағына ие болады. Оны бағалап Еңбекшіқазақ ауданының әкімшілігі Еңбекшіқазақ ауданының Құрмет Азаматы атағын берді. |
|
Рахметов Жұмажан
|
Рахметов Жұмажан Рахметұлы 1922 жылы Алматы облысы Кеген ауданында Жіңішке ауылында дүниеге келген. Аудан комиссариатының шақыруы бойынша 1942 жылы әскери борышын өтеуге аттанады. 1942 жылы Қиыр шығысқа кетіп, Халкин гол, Манжурия елді мекендерінде әскер қатарында болады. Ұлы Отан үшін шайқасына 1942 жылы кетіп, 1946 жылы 21 мамырда туған жері Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылына оралады. Еңбек жолын Рахат ауылдық округында 1960–1984 жылдар аралығында ауылдық Мемлекеттік сақтандыру мекемесінде қызметін атқарды. Рахметов Жұмажан Рахметұлы 1988 жылы 66 жасында дүниеден озды. |
|
Молдабаев Айтақын
|
Молдабаев Айтақын — 1914 жылы мамыр айында туған. Майданға аттанбас бұрын колхозда тракторшы болып жұмыс істеген. 1941 жылы майданға аттанып, 2 рет пленде болып қашып шыққан. 1942 жылы 2 рет окружениеде болған. Майданнан оралған соң колхозда тракторист болған. 1953–1954 жылдары Саймасай ауылдық округі Амангелді ауылына көшіп барып, мал шаруашылығымен айналысқан. 1975 жылы Рахат ауылдық округіне қарасты Разат ауылына қайта оралып, колхоздың малын бағып, сол жерде зейнетке шыққан. Молдабаева Клавдияға үйленіп, 3 бала тәрбиеледі. Молдабаев Айтақын 1985 жылы қайтыс болды.
|
|
Құттыбаев Құрмаш |
1924 жылы Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылында дүниеге келген. 17 жасында майданға кетіп әскери бөлім 89 қосалқы атқыштар полкі 32 қосалқы атқыштар дивизиясында болды. Курск шайқасына қатысып, сол жерде ішіне оқ тиіп, жараланып әскери госпитальға жатқызылады. ҰОС біткеннен кейін үйге оралып Алматы қаласының милиция мектебіне оқуға түсті. Одан әрі Ішкі істер органдарында, Есік қаласындағы КГБ-да, Қаскелең және Шелекте қызмет атқарды. Отан алдындағы борышын абыроймен орындады. Сыдыкова Жамалға үйленіп 5 баланы тәрбиеледі. Құттыбаев Құрмаш 1988 жылдың 20 маусымында 64 жасында қайтыс болды. |