
17.12.2025 ж. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Рахат ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерімен бірлесіп, округтегі тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында үйлеріне улы газды анықтайтын датчиктер орнатты.
Өрт – адамның өмірі мен денсаулығына, әлеуметтік жағдайына, қоршаған ортаға және мемлекетке үлкен зиян келтіретін тілсіз жау. Ол қоғам мен мемлекетке орасан зор материалдық шығын әкеледі. Сондықтан барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет.