Павлодар облысы делегаттарының кезекті іссапары Рахат ауылдық округінде жалғасын тапты
2025 жылғы 29 шілде күні "Рахат ауылдық округі әкімі аппаратымен" және «Алматы облысының еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мансап орталығы филиалының ұйымдастыруымен, Павлодар облысы делегаттарының қатысуымен жұмыс күші ұтқырлығын арттыру мақсатындағы халықпен кездесу өтті..
Іс-шара барысында халыққа ерікті түрде қоныс аудару мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қоныс аударудың тиімділігі мен артықшылықтары туралы толық әрі жан-жақты ақпарат ұсынылды.