Рахат ауылдық округі бойынша ауыз суды үнемдеп, тиімді пайдалану мақсатында округ әкімі Қайназар ауылының тұрғындары және белсенділерімен ауыз суды нысаналы мақсатына сай және тиімді пайдалану қажет екендігін айтып жеткізді, және бау-бақшаларды арық суымен суғару керектігі жайында түсіндіріліп, арық желілеріне санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу жайында айтты. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының тарапынан бірнеше ұсыныстар жасалып, талқылау жұмыстары жүргізілді.