«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауы.
Байқауға квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) жарнама мәтінін әзірлейтін мамандар, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар қатыса алады.
Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2025 жылғы:
- 1 маусымға дейін ауылдық округ әкімдігіне;
- 1 шілдеге дейін аудандық/қалалық әкімдіктің мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімдеріне;
- 1 тамызға дейін облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына тапсырылуы қажет.
Қатысуға ниет білдірушілер болса, қосымша ақпарат алу үшін Қорам ауылдық округі әкімі аппаратына жолығуға болады.