
2025 жылдың 01 қыркүйегінде Төле би ауылында 450 орындық, Алмалы ауылында жаңа мектептердің салтанатты ашылуы өтті. Ұлттық «Келешек мектебі» жобасы аясында 600 орындық заманауи мектеп пайдалануға берілді. Жаңа ғимарат кең оқу кабинеттерімен, зертханалармен және спорт инфрақұрылымымен толық жабдықталған. Бұл мектептің ашылуы ауылдағы балаларға сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасап, ата-аналар мен ұстаздар үшін үлкен қуаныш болды.