Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер есебін жария талқылау

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер есебін жария талқылау

Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты 2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есеп берді

2025 жылғы 25 сәуір күні Қазақстан ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында ауылдық округі әкімі аппаратының 2024 жылы көрсеткен мемлекеттік қызметтері туралы есебін талқылауға арналған жиналыс өтті.
Іс-шараға ауылдық округтің тұрғындары, округ әкімі аппаратының мамандары және мемлекеттік қызмет көрсету саласына жауапты қызметкерлер қатысты. Жиынның мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, ашықтықты қамтамасыз ету және тұрғындарды ақпараттандыру.