Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына арналған дизель отынының көлемдерін қалыптастыру туралы хабарландыру

Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына арналған дизель отынының көлемдерін қалыптастыру туралы хабарландыру

Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы 2025 жылға көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына арналған дизель отынын көлемдерін қалыптастыру, өтінімдерді қабылдау бойынша келесіні хабарлайды:

Өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру облыстық жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында және ақпараттық жүйеде (АЖ) ағымдағы жылдың 25 қарашасына дейін орналастырылады.

Өтінімдерді беру мерзімі:

  1. Өтінімдерді қабылдау мерзімі: ағымдағы жылдың 1-30 желтоқсан аралығында.
  2. Өтінім беру: ақпараттық жүйе (АЖ) арқылы жүзеге асырылады.

Маңызды ақпарат:

  1. Осы жылдан бастап көктемгі және күзгі дала жұмыстарына бөлек өтінімдер қалыптастырылмайды. Бір өтінімнің өзі осы екі кезеңге қажетті дизель отынын көлемдерін қамтитын болады.
  2. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған дизель отыны шығысының базалық нормативтері өңірлердің топырақ-климаттық жағдайларын ескере отырып, аграрлық бейіндегі ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Ауыл шаруашылығы министрлігі) тарапынан айқындалып, ақпараттық жүйеде орналастырылады.

Процесті автоматтандыру:

Дизель отынын көлемдерін қалыптастыру ақпараттық жүйе арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді өтінімдерді уақытында беруге және ақпараттық жүйеде тіркелуге шақырамыз.