
Ағымдағы жылдың 1–30 желтоқсан аралығында «Госагро» ақпараттық жүйесінде 2026 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына қажетті дизель отынының көлемін қалыптастыру үшін өтінімдер қабылдау басталатынын хабарлаймыз.
Осыған байланысты, өтінімдерді уақытылы рәсімдеп, жүйеге енгізу жұмыстарына назар аударып, белсенді қатысуларыңызды сұраймыз.