"Таза Қазақстан" акциясы

"Таза Қазақстан" акциясы

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 28 наурызда Ащысай ауылының ескі зират аумағындағы  ағаш отырғызу акциясы өтті.

Акцияға Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Е.С.Нұрмаханов,  Ш.Уәлиханов орта мектебінің ұжымы, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.

Іс-шара барысында 150 туя көшеті отырғызылды.