Үздіктер марапатталды

Үздіктер марапатталды

Қаратұрық ауылдық округ әкімі білімде бағы мен бабы қатар шауып, үздіктер қатарынан табылған округ көлеміндегі орта мектептердің "Алтын белгі" иегерлерін және ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары нәтижеге қол жеткізген ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастарын қабылдады. 2024-2025 оқу жылы мектеп бітірушілер саны 161, оның ішінде "Алтын белгі" - 13, үздік аттестат -19, жалпы округ бойынша білім сапасы 62% құрап отыр. Ауданымыздың білім саласындағы беделінің артуына өзіндік үлестерін қосқандары үшін құттықтап, алғыс хаттар табыстады.