Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпанда «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерту қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 8-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, 2025 жылдың 5 маусым күні сағат 15:30-да Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылының Қаракемер әкімшілік ғимаратында, Қаракемер, Сатай. Талдыбұлақ ауылының 5 (бес) көшесіне тарихи тұлғалардың, тарихи жер-су және ұлтық танымға жақын дәстүрлі атау беру (тізім бойынша) туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАША ХАТ
Жер мен көше атаулары – ұлттық тарихи санамыздың қайнар көзі. Тарихи тұлғалардың тарихи жер-су ұлттық танымымызға жақын дәстүрлі атаулар арқылы болашағымызға тарихымызды таныту азаматтық парызымыз болып табылады.
Сарыарқа
|
Әлкей Марғұланның дерегінше, Сарыарқаның әубастағы атауы – Арқа екен! Ұлы Даланы алғаш рет Арқа деп атай бастаған кез 1000-шы жылдары Дешті Қыпшақ тайпалары бірігіп, мемлекет ретінде қалыптасып жатқан шақта туса керек. Осы кезде Дала жұртының үлкен бөліктері ішкі алқаптарды артқа тастап, табиғи-климаттық әсіресе саяси тұрғыдан өте қолайлы, стратегиялық мәні жоғары өңірлерге жылжиды. Артта қалған туған мекенді «Арқа» деп атау, ал жаңадан қоныстанған қалалы өлкелерді «маңдай сүбе» деп тану, тап осы кезде қалыптаса бастайды. |
Жібек жолы |
Қазақстан аумағында өмір сүрген ежелгі және ортағасырлық тайпалар мен халықтардың өркениетке қосқан үлесі тарихи сана-сезімнің қалыптасуының бастауын көрсетеді. |
Қайнар |
Жер жарықтарымен, тау жыныстардың қуыстарымен өрлей қозгалған жер асты суларының жер бетіне тегеурінмен (гидростатикалык қысым) шығуы. Озен арналарында, өзен аңғарларының беткейлерінде, табанында, жыраларда болады.
|
Жастар
|
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар – бұл кез келген заманауи мемлекеттің стратегиялық әлеуеті бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. |
Достық |
Адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.
|