«Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

«Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025

жылғы 15 сәуірдегі № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 16 сәуірде № 35986 болып тіркелді

 

Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан

 

«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрыққа 17-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
    • осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
    • осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

 

 

 

 

 

«ЗҚАИ» ШЖҚ РМК лауазымды тұлғаның ЭЦҚ мәліметі бар QR-код

 

ҚР НҚА ЭББ-гі нақты

құжатқа сілтеу QR-коды

 

 

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі       А. Сапаров

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,

инновациялық және аэроғарыштық өнеркәсібі министрлігі

 

 

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 15 сәуірдегі

№ 110 бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің

2020 жылғы 1 қазандағы

№ 301 бұйрығына 1-қосымша

«Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

 

 

  • тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
    • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
    • жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық

 

 

маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;

  • жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, елорданың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
  • жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
  • «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
  • «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – «электрондық үкіметтің» веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;
  • электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

 

 

2-  тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

  1. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті

 

 

беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

«Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларда 1- қосымшада көрсетілген.

  1. Осы Қағидаларда 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалдау мерзімін ұзартуға өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау портал және қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

  1. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде жеке кабинетке мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

 

 

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және құжаттар қабылданған күні оларды басшыға тапсырады.
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады және жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтінішті шаруа немесе фермер шаруашылығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартқан жағдайда – жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға не объект салу, қызмет көрсету, орналастыру үшін ұсынылған жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартқан жағдайда – сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшеге жолдайды.
  3. Құжаттар келіп түскен күні жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды.
  4. Объектінің құрылысы, қызмет көрсету, орналастыру үшін берілген жер учаскелері бойынша сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесін кадастрлық құжаттамамен сәйкестендіреді, сәулет-жоспарлау тапсырмалары талаптарының сақталуын тексереді, қорытынды дайындайды және жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға жолдайды.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттiк корпорацияға жер учаскесi шекараларының өзгермейтіндігі туралы мәлiметтерді беру туралы сұраным жолдайды, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингінің нәтижелерін қарастырады.

  1. Мемлекеттік корпорация 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің шекаралары туралы мәліметтерді көрсете отырып тиісті қорытынды ұсынады.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған жағдайда:

 

 

  • жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы қорытындылар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды жинақтап қорытындылайды, жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімнің жобасын әзірлейді;
  • жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімнің жобасымен келіседі;
  • көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешім жобасына қол қояды.

Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімінің көшірмесі жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасау үшін жолданады.

  1. Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының жобасын әзірлейді.

Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы шартқа қол қояды.

  1. Көрсетілетін қызметті беруішінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган басшысының қолы қойылған жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы шарт портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қояды.

 

 

Уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын уақтылы жасамау не оны жасаудан бас тарту осындай шартты жасасу мерзімі өткен не бас тарту келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімнің күшін жою үшін негіз болып табылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану неуәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
  2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
  3. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық

 

 

инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

  1. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

 

 

3-  тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2- тармағына сәйкес:

көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

 

 

Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

  • шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
  • қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

  1. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

 

 

«Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша

«Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

 

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облы- стық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қа- лалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі –көр- сетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қыз- метті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні ішінде. Көрсетілген мерзімге шарт жасау кезеңі кірмейді.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз түрінде).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті беруішінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзім- ді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөл- шері және Қазақстан Республика- сының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұ- мыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәй- кес демалыс және мереке күндерін қоспағанда 13.00-14.30-ке дейінгі түскі үзіліспен дүй- сенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 18.30-ға дейін;

2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қос- пағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру ке- лесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет- ресурсында;

2) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжат- тар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы

№ 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бой- ынша жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш;

 

 

 

 

 

2) сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жос- пар);

3) жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі (шарт туралы ақпарат біріңғай мемлекеттік жер ка- дастры ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда ұсынылады);

порталға:

1) қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрон- дық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш;

2) сәйкестендіру құжатының электрондық көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер- кадастрлық жоспар);

3) жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың электрондық көшірмесі (шарт туралы ақпарат біріңғай мемле- кеттік жер кадастры ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда ұсынылады).

Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мем- лекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

9

Қазақстан Республикасының заң- дарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың жә- не (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қа- жетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 37-бабының 2-тармағының бірінші бөлігінде және 2,2 тармағында белгіленген талап- тарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін,

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-ба- бына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысан- да көрсетілетін мемлекеттік қыз- мет көрсету ерекшеліктері ескері- ле отырып, қойылатын өзге де та- лаптар.

Көрсетілетін қызмет алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көр- сету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

 

 

«Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша

Нысан

                                           әкімі (облыстың, қаланың, ауданның, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің)

 
   

 

кімнен                                                                                              

(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі не заңды

 

 
   

 

тұлғаның толық атауы)

 
   

 

(жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес-сәйкестендірунөмірі)

 
   

 

(жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның немесе өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері,

 
   

 

байланыс телефоны (бар болса),

 
   

 

орналасқан жерінің мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) не

 
   

 

тұрғылықты мекенжайы (жеке тұлғалар үшін))

Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартуға өтініш

 

 
   

 

мекенжайы                 (мекенжайы (орналасқан жері), жер учаскесінің кадастрлық нөмірі)

 

 

бойынша орналасқан, алаңы              гектар жер учаскесіне жаңа мерзімге

                           жылға уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау)

                                                                                                                         үшін

 

(жер учаскесінің нысаналы мақсаты)

құқығын беруіңізді сұраймын.

Дербес деректерімді және «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін.

Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.

Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі.

 
   

 

 

Көрсетілетін қызметті алушының қолы (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде/электрондық цифрлық қолтаңбасы («электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

20      жылғы «   »                  

 

 

«Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша

Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама

Құрметті                             

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының

1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені:

 
   

 

 

(бас тарту себептерін санамалау)

Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап

2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):

 
   

 

(тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі): мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)

Көрсетілетін қызметті беруші                                                                                      

(басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) 20 жылғы «                         »                                   

 

 

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 15 сәуірдегі

№ 110 бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің

2020 жылғы 1 қазандағы

№ 301 бұйрығына 17-қосымша

«Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

 

 

  • тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
    • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

 

 

  • жария кадастрлық карта (бұдан әрі – ЖКК) – Қазақстан Республикасының жер, құқықтық, қала құрылысы кадастрларынан алынған ақпаратты (мәліметті), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың өзге де мәліметтерін қамтитын цифрлық карта;
  • жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;
  • «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
  • «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған «электрондық үкіметтің» веб-порталының құрамдасы;
  • электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

 

 

2-  тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

  1. Мемлекеттік қызметті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы және аудандық маңызы бар қаланың әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

 

 

«Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

  1. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы сұралып отырған жер учаскесінің бөлу схемасын ЖКК-да өздігінен қалыптастыра отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш береді.

Көрсетілетін қызметті алушы ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу үшін:

  • жер қатынастары саласындағы жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесіндегі жер үлесін есептеуге сұраным береді;
  • жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті береді, ЖКК-да өздігінен

тиісті жер учаскесін дербес таңдайды, ресімделуге тиіс жер үлесінің өлшемдерін көрсетеді (жер үлесінің алаңы шаршы метрмен көрсетіледі).

Көрсетілетін қызметті алушының интернет-ресурсқа қолжетімділігі болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш беру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жүгінеді.

Өтініш бергеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне оның келіп түскені туралы хабарлама жіберіледі, онда жер учаскесін бөлу схемасын келісудің болжамды күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

  1. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, мемлекеттік

 

 

қызмет көрсеткені үшін ақы төлеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжатты иеленушінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті екі кезеңмен көрсетеді.

Бірінші кезең:

қала құрылысы құжатына сәйкес сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін (мүмкін еместігін) айқындау:

  • көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жібереді;
  • облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және оларды жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган), ал аудандық маңызы бар қаланың әкімі – ауданның сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органына жібереді;
  • сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшылығы құжаттарды қарайды, құжаттар келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды;

 

 

  • сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы:

2 (екі) жұмыс күні ішінде бекітілген қала құрылысы құжатына сәйкес оны мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша беру мүмкіндігін (мүмкін еместігін) айқындайды;

сұралып отырған жер учаскесін беру мүмкіндігі айқындалған жағдайда, 5 (бес) жұмыс күні ішінде қолданыстағы инженерлік коммуникацияларды көрсете отырып, жер учаскесін бөлу схемасын қалыптастырады, ал қажет болған жағдайда берілетін жер учаскесінің шекарасынан инженерлік коммуникацияларды көшіру көзделеді;

көрсетілетін қызметті алушы техникалық шарттарды алу үшін ұсынған сауалнама парағын қоса бере отырып, жер учаскесін бөлу схемасы дайындалған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Кодекстің 16-бабының 2-тармағы 1-3) тармақшасына, 18-бабының 1-2) тармақшасына және 19-бабының екінші бөлігіне сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы және аудандық маңызы бар қаланың әкімі тізбесін бекіткен мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға бір мезгілде келісуге жолдайды;

сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша берудің мүмкін еместігі айқындалған жағдайда, 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасай отырып, сұралып отырған жер учаскесін бөліп берудің мүмкін еместігі себебін негіздеп, оның жеке кабинетіне уәжді бас тарту жібереді;

  • келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар жер учаскесін бөлу схемасын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жұмыстардың сметасын қоса бере отырып, электрондық түрде қорытынды ұсынады.

Табиғи монополиялар субъектілері инженерлік желілерге қосылуға қосымша техникалық шарттарды мына мерзімдерде ұсынады:

техникалық және (немесе) технологиялық тұрғыдан күрделі емес объектілер үшін 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

 

 

техникалық және (немесе) технологиялық тұрғыдан күрделі объектілер үшін 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

сыртқы инженерлік желілер трассаларының алдын ала схемасымен техникалық шарттарды беруден уәжді бас тарту үшін 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

Жер учаскесін бөлу схемасына келісу қандай да бір ескертпелер мен ескертулерсіз жүзеге асырылады;

  • сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы келісуші органдар мен ұйымнан оң қорытынды келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін көрсетілетін қызметті алушының келісуі үшін оның жеке кабинетіне бөлу схемасын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін бөлу схемасы келіп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны келіседі.

Көрсетілетін қызметті алушының жер учаскесін бөлу схемасын келісу мерзімінің аяқталуы сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға бір жұмыс күні ішінде оның жеке кабинетіне жіберетін жер учаскесіне құқық беруден уәжді бас тарту үшін негіз болып табылады.

Жер учаскесі құрылыс мақсаттары үшін сұралған жағдайда, бөліп беру схемасына қосымша табиғи монополия субъектілерінен инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттар келіп түскен кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде дайындалатын сәулет-жоспарлау тапсырмасы қоса беріледі.

Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган ол келіп түскен кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жер учаскесіне құқық беруден уәжді бас тартуды жібереді.

Екінші кезең:

көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін бөлу схемасын келіскен кезде, көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесін бөлу схемасын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдауы; жер учаскесін сатып алу- сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу:

 

 

  • сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер учаскесін бөлудің келісілген схемасы келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі тиісті уәкілетті органына және аудандық маңызы бар қаланың әкіміне жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын дайындау үшін жібереді.
  • жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы, аудандық маңызы бар қаланың әкімі құжаттар келіп түскен күні құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны айқындайды;
  • жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің және жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартының жобасын дайындайды;
  • көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімге қол қояды және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
  • жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің негізінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартына қол қояды;
  • көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттар 1 (бір) жұмыс күні ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне, сондай-ақ жер-кадастрлық құжаттамада есепке алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі;
  • көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды.

 

 

  1. Жер учаскелерін беру жоғары тұрған атқарушы органның құзіретіне кіретін жағдайларда төмен тұрған жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру мүмкіндігі туралы шешімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Кодексте белгіленген өз құзіреті шегінде жоғары тұрған жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын дайындау үшін тиісті уәкілетті органға жіберіледі.

Жоғары тұрған жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы түпкілікті шешімі төмен тұрған жергілікті атқарушы органның шешімі келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданады.

  1. Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін рәсімдеуді көрсетілетін қызмет беруші мынадай тәртіппен көрсетеді:
    • өтініш автоматты түрде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне көрсетілетін қызметті берушінің қарауына келіп түседі;
    • өтінішті одан әрі қарау осы Қағидалардың 6-тармағының екінші бөлігінің 2), 3), 4), 5) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады;
    • сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы келісуші органдар мен ұйымнан оң қорытынды келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің бөлу схемасын көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін ЖКК-дағы оның жеке кабинетіне жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін бөлу схемасы ЖКК-дағы жеке кабинетіне келіп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны келіседі.

Көрсетілетін қызметті алушының жер учаскесін бөлу схемасын келісу мерзімінің аяқталуы сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға бір жұмыс күні ішінде оның ЖКК-дағы жеке кабинетіне жіберетін жер учаскесіне құқық беруден уәжді бас тарту үшін негіз болып табылады.

Жер учаскесі құрылыс мақсаттары үшін сұралған жағдайда табиғи монополия субъектілерінен инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттар келіп түскен кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде дайындалатын бөліп беру схемасына сәулет-жоспарлау тапсырмасы қоса беріледі.

 

 

Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, ол келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі көрсетілетін қызметті алушының ЖКК-дағы жеке кабинетіне жер учаскесіне құқық беруден уәжді бас тартуды жібереді.

  • сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты

орындаушысы келісілген жер учаскесінің бөлу схемасы келіп түскеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесіндегі жер үлесі көрсетілген уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шешім жобасын дайындайды және шешім шығару үшін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;

  • көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер

учаскесіне құқық беру туралы шешімге қол қояды және жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындау үшін жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға жолдайды;

  • жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер үлесін көрсете отырып, жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды және қол қояды;
  • көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының ЖКК-дағы жеке кабинетіне, сондай-ақ жер-кадастрлық құжаттамада есепке алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі;
  • көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жер үлесінің кадастрлық бағалау құнын айқындау бойынша көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеуді жүргізеді (қажет болған жағдайда), жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды.

 

 

  1. Жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалға алу) шартын уақтылы жасамау не оларды жасасудан бас тарту осындай шартты жасасу мерзімі өткен не бас тарту келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің күшін жою үшін негіз болып табылады.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші негізінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде «Шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27790 болып тіркелген) сәйкес жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу жүзеге асырылады.
  3. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей тыңдалым жүргізіледі.

Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесін бөлу схемасын қалыптастыру және келісу туралы, сәулет-жоспарлау тапсырмасын жасау, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды жасау, жер учаскесін бөлу схемасын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) шарт жасасу туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Тыңдалым нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының ЖКК-ғы жеке кабинетіне жіберіледі.

 

 

  1. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
  2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
  3. Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты

«электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

  1. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

 

 

3-  тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда

 

 

көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2- тармағына сәйкес:

көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

  • шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
  • қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.

  1. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

 

 

«Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша

«Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

 

1.

Көрсетілетін қызметті беру- шінің атауы

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы және аудандық маңызы бар қаланың әкімі (бұдан әрі – көр- сетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті көрсе- ту тәсілдері

«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы

3

Мемлекеттік қызметті көрсе- ту мерзімі

Өтініш келіп түскен сәттен бастап отыз жұмыс күніне дейін.

Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пай- далану мүмкіндігін айқындау, сұралып отырған жер учаскесін қала құрылысы құжатына сәй- кес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша беру;

Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін бөлу схемасын келіскен кезде жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару, жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақыт- ша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу.

Көрсетілген мерзімдерге мына кезеңдер кірмейді:

көрсетілетін қызметті алушының жер учаскесін бөлу схемасын келісуі;

жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өте- усіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу.

4

Мемлекеттік қызметті көрсе- ту нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсе- ту нәтижесі

1) жер учаскесін бөлу схемасын қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі;

2) жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өте- усіз)жер пайдалану (жалдау) шарты;

3) сәулет-жоспарлау тапсырмасы;

4) инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттар;

Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін рәсімдеу кезінде:

1) көрсетілетін қызметті берушінің жер

үлесін көрсете отырып және жер учаскесін бөлу схемасымен қоса бере отырып, жер учас- кесіне құқық беру туралы шешімі;

2) жер үлесі көрсетілген жер учаскесін

сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз)жер пайдала- ну (жалдау) шарты;

3) сәулет-жоспарлау тапсырмасы;

4) инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттар; не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді

бас тарту.

 

 

 

6

Мемлекеттік қызметті көрсе- ту кезінде көрсетілетін қыз- метті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қаза- қстан Республикасының заң- намасында көзделген жағдай- ларда оны алу тәсілдері

Көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметтер – тегін.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтер – ақылы.

Көрсетілетін қызметтің құны «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған «Азамат- тарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоға- мы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 23/НҚ бұйрығына сәйкес есептеледі.

7

Көрсетілетін қызметті беру- шінің және Мемлекеттік кор- порацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбі- ден бастап жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30- ға дейін;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдер Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күн- дерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;

3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Рес- публикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтіні- шті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ре- сурсында;

2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;

3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсе- ту үшін көрсетілетін қызмет- ті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

бірінші кезең:

1. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық жоба- ларды іске асыру үшін:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 21336 бо- лып тіркелген) бекітілген «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудан- дық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсе- ту қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;

3) жер учаскелерін мемлекеттік меншіктен беру үшін инвестициялық жобаны айқындау ту- ралы шешімінің электрондық көшірмесі;

4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосы- луға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.

2. Өздеріне меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттай құқықтармен тиесілі ғимараттар- ды (құрылыстарды, құрылысжайларды) пайдалану және күтіп-ұстау үшін, оның ішінде Қаза- қстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын- да белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжатта- масына сәйкес іргелес аумақтағы үйлерді (құрылыстарды, құрылысжайларды) кеңейту және реконструкциялау үшін:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;

 

 

 

 

3) жер учаскесінде орналасқан ғимараттарды (құрылыстарды, құрылысжайларды) пайдала- нуға беру актісінің электрондық көшірмесі;

4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосы- луға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.

3. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 71-бабына сәйкес құры- лыс мақсаттары үшін олар бұрын іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) және олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін, егер олар бұрын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланған құрылыс үшінші тұлғаларға тиесілі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алған жағдайда:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;

3) іздестіру жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсаттың электрондық көшірмесі;

4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосы- луға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.

4. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңна- масында белгіленген тәртіппен сәулет және қала құрылысы органдары инженерлік желілер- ге қосылуға арналған техникалық шарттармен және сәулет-жоспарлау тапсырмасымен бірге беретін трассалар схемаларына сәйкес оларға меншік және жер пайдалану құқығымен ти- есілі, елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелерді салу үшін:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;

3) техникалық шарттары бар сәулет-жоспарлау тапсырмасының электрондық көшірмесі;

4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосы- луға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.

5. Кондоминиум объектісін пайдалану және күтіп-ұстау үшін кондоминиум қатысушылары:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;

3) кондоминиум құру туралы хаттаманың электрондық көшірмесі;

4) кондоминиум объектісін пайдалану және күтіп ұстау туралы көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының жалпы жиналысы хаттамасының электрондық көшірмесі.

6. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Ко- дексіне сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия немесе жер қойнауын пайдала- нуға арналған келісімшарт негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қажетті инженерлік, көліктік және өзге де инфрақұрылымды салу және (неме- се) орналастыру үшін:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;

3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың электрондық көшірмесі;

4) жер учаскесін беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретіне кірген жағдайда – тө- мен тұрған жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру мүмкіндігі туралы ше- шімінің электрондық көшірмесі.

7. Арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар инду- стриялық аймақтың қатысушысы, Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың неме- се индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы:

 

 

 

 

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;

3) арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың қатысуын растаушы құ- жаттың электрондық көшірмесі;

4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосы- луға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.

8. Жасанды құрылысжайлар салу үшін аумақтық сулар алып жатқан су қоры жерлерінің құрамынан:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;

3) су шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау органдарының жер учаскесінің орна- ласқан жерінің координаттары бар қорытындыларының электрондық көшірмесі;

4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосы- луға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.

9. Теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыр көлігінің мұқтаждықтары үшін, бай- ланыс және энергетика мұқтаждары үшін, оның ішінде Жер кодексінің 119-бабына сәйкес антенна-діңгекті құрылысжайларды және (немесе) ұялы, спутниктік байланыс жабдығына тіреуіштер салу үшін, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар өзге де объектілерді салу үшін:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;

3) теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыр көлігі және байланыс және энергети- ка уәкілетті органдарының келісу парағының электрондық көшірмесі;

4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосы- луға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.

10. Жер кодексінің 107-бабы 3-тармағының бесінші бөлігінің

8) тармақшасына сәйкес халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған ортақ пай- даланылатын объектілер (су құбырлары, жылу трассалары, тазарту құрылысжайлары және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелер, қатты тұрмыстық қалдықтар- ды бөлек жинауға арналған инфрақұрылым) үшін, сондай-ақ арнайы мақсаттағы объектілер үшін:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;

3) коммуникациялар төсеу схемасының электрондық көшірмесі;

4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосы- луға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.

11. Жер кодексінің 9-бабының 3-тармағына сәйкес жеке тұрғын үй құрылыстары үшін:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;

3) арнайы есепке қою туралы хабарламаның электрондық көшірмесі.

12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектілерді, мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызы бар мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жобаларды салу үшін:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;

 

 

 

 

3) жергілікті атқарушы органның жобаны инвестициялық жоба деп тану туралы шешімінің электрондық көшірмесі;

4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосы- луға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.

13. Жер кодексінің 9-бабының 3-тармағына сәйкес отандық өнеркәсіп кәсіпорындары:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;

3) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосы- луға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.

14. Жекеше әріптестер мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын не концессионерлер концессиялық жобаларды іске асыру үшін:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарттың немесе концессия шартының элек- трондық көшірмесі;

4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосы- луға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.

15. Инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарттың немесе концессия шартының элек- трондық көшірмесі;

4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосы- луға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.

16. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін өнеркәсіптік-инновациялық қыз- мет субъектілері:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесі схемасының (жоспарының) электрондық көшірмесі;

3) жергілікті атқарушы органның жобаны инвестициялық жоба деп тану туралы шешімінің электрондық көшірмесі;

4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосуға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі.

17. Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу кезінде:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш;

2) құқық белгілейтін құжаттардың электрондық көшірмелері;

3) жер учаскесіндегі жер үлесін есептеу бойынша құжаттың электрондық көшірмесі;

3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актісінің (қажет болған жағдайда) электрондық көшірмесі.

Екінші кезең:

көрсетілетін қызметті алушымен келісілген жер учаскесін бөлу схемасы.

Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын

 

 

 

 

 

растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестенді- ру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпарат-

тық жүйелерден талап етеді.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мем- лекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Жер кодексінің 43-бабы 3-тармағы- ның алтыншы бөлігінде, 49-2-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2 және 2-1- тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) Жер кодексінің 44-2-бабының 10-тармағының тоғызыншы бөлігіне сәйкес келісу туралы сұранымына келісуші органдардың теріс жауабы;

4) көрсетілетін қызметті алушының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қаза- қстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсе- ту ерекшеліктерін ескере оты- рып, оның ішінде электрон- дық нысанда көрсетілетін өз- ге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі тура- лы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне өтiнiш жасамаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетiлетiн қызметтiң бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін олар құжаттарды жүйелеу және сақтау бөлі- міне (техникалық «мұрағат») одан әрі сақтау үшін береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс те- лефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі біры- ңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

 

 

«Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша

Нысан

                                  әкімдігіне

(облыс, қала, аудан)

 

 
   

 

кімнен                                            (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі не заңды

 
   

 

тұлғаның толық атауы)

 
   

 

(жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

 
   

 

(жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның немесе өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері,

 
   

 

байланыс телефоны (бар болса),

 
   

 

орналасқан жерінің мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) не

 
   

 

 

 

тұрғылықты мекенжайы (жеке тұлғалар үшін))

Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш

 

Сізден                                                                                                             

 

(жер учаскесінің орналасқан жері)

                                                                                                       орналасқан

ауданы                     гектар мемлекеттік меншіктегі/ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесін/жер учаскесіндегі жер үлесін                

құқық түрі көрсетіледі

құқығымен                        жыл мерзімге беруіңізді сұраймын.

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі/идентификаторы (бар болса)

 
   

 

Сұралып отырған нысаналы мақсаты:                                                              Дербес деректерімді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

акционерлік қоғамына (бизнес сәйкестендіру нөмірі 180541001313) «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін қажетті дербес деректерімді және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін.

Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы, сондай-ақ

жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз. Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі.

Өтінішке жария кадастрлық картада қалыптастырылған жер учаскесінің схемасы қоса беріледі. Өтініштің берілген күні:                                                                                                 

Көрсетілетін қызметті алушы                                                                       

 
   

 

(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)

 

 

 

Жер учаскесіне құқық алу туралы өтінішке қосымша

 

 

Жария кадастрлық карта 20  жылғы «     »                  

Жер учаскесін бөлу схемасы

 

 

 

 

Нысан

 

 

Жер учаскесінің идентификаторы*/Кадастрлық нөмірі (бар болса)

 

Көрсетілетін қызметті алушы:

 

Ауданы (гектар / шаршы метр) :

 

Сұралып отырған нысаналы мақсаты:

 

Жер учаскесінің орналасқан жері:

 

 
   

 

 

 

Тіркелген жер учаскесі

 

 

 

 

Жобаланатын жер учаскесі

Іргелес жер учаскесі

 

 

 

 

Ескертпе:

* жер учаскесінің идентификаторы жария кадастрлық картада (жиырма таңбалы сандық код) автоматты түрде қалыптастырылады.

** қосымша жер учаскесінің ауданының үлесі бар болса көрсетіледі.

 

 

«Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша

Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама

Құрметті                                        

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының

1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, себебі

 
   

 

 

 

(бас тарту себебін санамалау)

Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап

2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазасыз):

 
   

 

(тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өтетін орны (тәсілі):

мекенжайдағы ғимаратта/бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)

Көрсетілетін қызметті беруші                                                                                          

(басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса),тегі) 20            жылғы «     »