Презентация

Презентация

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында 2025 жылдың 27 наурыз күні Қаракемер  ауылдық округі әкімі аппаратында «eGov mobile» мобильді қосымшасын насихаттау мақсатында презентация өткізілді.

Іс шара барысында мобильді қосымшалар арқылы 50-ден астам электрондық қызмет пен сервисті пайдалануға мүмкіндік бар екендігі, мемлекеттік қызметтерді қалай алу керек екендігі және ЭЦҚ-ны ашу туралы айтылды. Округ тұрғындары мобильді қосымшаны ұялы телефондарына жүктеп, ЭЦҚ кілттерін тіркеп бірнеше қызмет түрлерін алып көрді.