2025 жылдың 25 ақпаны күні «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтері туралы есебін жария талқылау өтті. Аталған іс-шараға 41 шақты адам қатысты. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі жария талқылаудың барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны, барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына қанағаттануы мәселелері қарастырылды.
Қаракемер ауылдық округ әкімінің аппараты