Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жоғарылату мәселесі бойынша семинар

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жоғарылату мәселесі бойынша семинар

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жоғарылату мәселесі бойынша семинар

 

Ағымдағы жылдың 03 ақпанында Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылату және мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру мәселелері  жөнінде, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы» семинар өткізді.

Семинарға ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары, мекеме қызметкерлері және аудан тұрғындары 25 адам қатысты.

Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру жөніндегі 2024 жылдың 12 айдың  жұмыстарының қорытындысы талқыланып, жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидалары түсіндірілді.