"Egov mobile" презентациясы

"Egov mobile" презентациясы

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында 2024 жылдың 20 желтоқсан күні «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының» пайдаланушылар  арасында «еGov mobile» мобильдік қосымшасын пайдалану туралы презентация өткізілді.

Іс шара барысында мобильді қосымшалар арқылы 50-ден астам электрондық қызмет пен сервисті пайдалануға мүмкіндік бар екендігі, мемлекеттік қызметтерді қалай алу керек екендігі және ЭЦҚ-ны ашу туралы айтылды. Округ тұрғындары мобильді қосымшаны ұялы телефондарына жүктеп, ЭЦҚ кілттерін тіркеп бірнеше қызмет түрлерін алып көрді. Аталған  іс-шараға  17 адам қатысты.

 Қаракемер ауылдық округ әкімінің аппараты