«Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2024 жылғы ІІ тоқсандағы жұмысы туралы

«Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша  2024 жылғы ІІ тоқсандағы жұмысы туралы

Әкім аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің төрт түрін көрсетеді. Екінші тоқсанда көрсетілген қызметтердің жалпы саны – 56, оның ішінде қызмет түрлері бойынша: жер учаскесіне кезекке қою – 39, мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алғандар саны  – 17.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту - 4. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 9 түсіндіру іс-шарасы өткізілді:

  1. «Жер учаскесін жеке меншікке бір жолғы немесе бөліп төлеу» мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидалары жарияланды. Жарияланымдар – Қаракемер ауылдық округі әкімінің сайтында 08.04.2024 ж., Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің сайтында 08.04.2024 ж., әлеуметтік Instagram желілерде жазылушылар саны 1404;
  2. «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметі туралы есебі Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің сайтында 23.04.2024 ж. жарияланды.
  3. «Жер участкесін алу үшін кезекке қою» инфографика алгоритмі 06.06.2024 жылы Қаракемер ауылдық округі әкімінің сайты, 25.06.2024 "Instagram" әлеуметтік желілерінде жарияланды.
  4. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы 08.06.2024 өзгерістер мен толықтырулар туралы 20.06.2024ж. Қаракемер ауылдық округі әкімінің сайтында жарияланды.
  5. Өткізілген жәрмеңке 14.05.2024 ж. Қаракемер ауылы әкімінің сайтында және әлеуметтік Instagram желілерінде жарияланды.
  6. Презентациялар: «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызмет алу туралы бейнеролик округ әкімі аппаратының өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында алуға болатындығы туралы –  2024 жылдың 10 сәуірінде әлеуметтік желілер «Instagram», Қаракемер ауылы әкімінің сайтында 11.04.2024 ж. жарияланды
  7. Семинар өткізілді: «Жер участкесін нысаналы мақсаттың өзгертуге шешім алу» мемлекеттік қызметтін алу туралы» 10.02.2024 аудан әкімінің және округ әкімінің сайты, «Instagram» желілерінде жарияланды
  8. «Еңбекшіқазақ» газетінде «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсету тәртібі туралы. 03.05.2024 жылы жарияланды
  9. Баннер ілінді: 25.06.2024 «Instagram» әлеуметтік желілерінде жарияланды.