«Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша» семинар

«Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша»  семинар

2026 жылдың 09 ақпанында Қ.Орымбетов атындағы орта мектептің мәжіліс залында мектеп ұжымымен  «Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша»  семинар  өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмысындағы негізгі ұстанымдардың бірі.

Жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз не?

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары:

- көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

- мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;

- мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

Мақсатымыз және де осы ұжым қызметкерлері мен болашақ жастарға аппаратта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, оны алу жолдарын түсіндіріп, пікір алмасу мақсатында ой бөлісу. Бүгінгі күнге аппаратта 7 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі: "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату", "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру", "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою", "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру", "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту", "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу", "Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру".