Ұлттық домбыра күні

Ұлттық домбыра күні

1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай Қаракемер мәдениет үйінде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған “Домбыра - жүрегіммен үндес едің" атты концерт өткізілді. Шарада Қаракемер мәдениет үйінің өнерпаздары мен Т. Әбілезов атындағы “Айтыс, жыр-терме" орталығының шәкірттері өнер көрсетті. Концерт соңында белсене қатысқан өнерпаздарға әкімшілік тарапынан алғыс хаттар мен сый-сыяпаттар ұсынылды.