"Халық қатысатын бюджет" жобасы

"Халық қатысатын бюджет" жобасы

Есік қаласының құрметті тұрғындары!

 

ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығымен бекітілген Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларына сәйкес халықтың қатысу бюджетін іске асыру мақсатында Есік қ. әкімдігі келесі іс-шаралар бойынша жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы хабарлайды:

1) аумақты көгалдандыру;

2) тротуарларды жайластыру;

3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;

          4) ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);

          5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;

          6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;

          7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;

          8) аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.

Қала тұрғындарының жоғарыда көрсетілген өзекті мәселелер бойынша жобалық ұсыныстарын қабылдау 2025 жылғы 1 наурызға дейін жүзеге асырылады. Қала тұрғындары жобаларын Есік қаласы әкімдігінің электрондық поштасы (akimat.gor@mail.ru) арқылы ұсына алады.

Келіп түскен өтінімдерді Сараптамалық кеңестің мүшелері талдайды, кеңеспен мақұлданған жобалар "1 тұрғын – 1 дауыс" қағидаты бойынша ашық дауыс беру үшін сайтта жарияланады. Дауыс беру нәтижелері бойынша қаржыландыру және іске асыру үшін жобаның кезегі белгіленеді.

Қала әкімдігінің сайтында бағдарлама туралы бүкіл ақпарат жарияланған: тұрғындар үшін жобалардың үлгілері, Сараптамалық кеңестің құрамы және бағдарламаны өткізу кезеңдері (мерзімдері). Жобаның авторы қаланың тұрғындары, сондай-ақ тұрғын үйлерінің кондоминиумдары болуы мүмкін.