Алматы облысының Есік қаласында жергілікті тұрғындарға қалалық инфрақұрылымды жаңарту бойынша өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы табысты іске асырылуда. 2024 жылы Есік қаласында жалпы сомасы 22 079 000 млн. теңгеге 8 жоба іске асырылды.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы Есік қаласы тұрғындарының тілектерін ескере отырып, жайлы қалалық ортаны құрудың тиімді құралына айналды және «Есік қаласы әкімінің аппараты» ММ оның дамуын қолдауға ниетті. 2025 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобаларына 90 493 000 млн. теңге қарастырылған.
Мәселен, 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының арқасында Есік қаласында келесі сегіз жоба іске асырылды:
Есік қаласының тұрғындарының «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына қатысуының арқасында әр аула өзінің жеке келбетімен әдемі, жайлы болады.
Мысалы, Трудовая көшесіндегі аула адам танымастай өзгерді. Бұрын қараусыз қалған аймақ, ал қазір жайлы аула болды. Шағын аумаққа қарамастан, қажет нәрсенің бәрін сыйдыра алды. Ыңғайлы орындықтар, балалар ойын кешені, құмсалғыш, әткеншек және жарықтандыру орнатылды.
Әр ауланы қайта құруға жеке көзқарас бар. Басымдық Есік қаласы тұрғындардың тілектері. Барлығы қала тұрғындары бос уақыттарын жайлы жағдайда өткізуі үшін.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы қалалық инфрақұрылымды жақсартуға және Есік қаласының барлық тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға көмектеседі.