ЖАДЫНАМА
Жаңа жыл түніндегі қауіпсіздік ережелері!
1. Төбеден шыршаға дейінгі қашықтық кемінде 1 метр болуы керек.
2. Шыршаны бекем негізге орнату керек.
3. Шырша бөлме-жайдан шығуға, сондай-ақ басқа да эвакуациялау жолдарына бөгет жасамауы тиіс.
4. Қабырға мен шырша арасындағы қашықтық 1 метрден артық болуы керек.
5. Шыршаны безендіру үшін жанғыш ойыншықтарды, мақта, шам, қағазды пайдаланбаңыз.
6. Мерекелік іс-шаралар өткізілетін үй-жайдың терезелерінде темір торлар болмауы тиіс.
7. Бөлме-жайда шырақтар, шартылдақтар, отшашулар мен басқа да өрт қауіпі бар әсерлерді қолдануға болмайды.
* БАЛАЛАРҒА ЭЛЕКТР ГИРЛЯНДАЛАРЫН ӨЗ БЕТІНШЕ ҚОСУҒА РҰҚСАТ БЕРМЕҢІЗ!
* ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН ЭЛЕКТР ҚҰРАЛДАРЫН ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗ!