Алматы облысының еңбек мобильділігі орталығы, Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылымен Есік қаласында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында 2023 жылғы 27 қарашада Абай облысына қоныс аудару бойынша кездесу өтеді.
Бұл бағдарламаның мақсаты – базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру.
Қоныс аудару кезінде азаматтарға:
🔹Тұрғын үй сатып алуға сертификат – 4 млн теңгеге дейін беріледі
🔹Отбасының әрбір мүшесіне берілетін субсидия – 70 АЕК (241 500 теңге)
🔹Тұрғын үй жалдау ақысын төлеу – 1 жылға дейін
🔹Қайтарымсыз гранттар – 400 АЕК (1 380 000 теңге)
🔹Тұрақты жұмыс табуға көмектесу.
⏰Өтетін уақыты: Шелек ауылы сағат 11:00. Есік қаласы сағат15:00
📍Өтетін жері:
Шелек ауылының мәдениет үйі.
Есік қаласының мәдениет үйі.