Халық қатысатын бюджет» жобасы

Халық қатысатын бюджет» жобасы

Халық қатысатын бюджет» жобасы

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шешім қабылдау процесіне халықты кеңінен тарту мақсатында «Халық үніне құлақ асатын Мемлекет» тұжырымдамасын орындау аясында «Халық қатысатын бюджет» жобасын жүзеге асыру жалғасуда.

«Есік қаласы әкімі аппараты» ММ-нің «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында ағымдағы жылдың 27 ақпан күні өткізілген жиынның хаттамасының нәтижесі бойынша 15 жоба қабылданып «gov.kz» порталы арқылы дауыс беруге жіберілген. Халық көп дауыс берген, 10 дауыстан асатын 15 жоба қабылданды.

Жобалар тізімі:

  1. «Обелиск скверінің жарық шамдарын алмастыру»
  2. Мәдениет үйі маңындағы арканы қалпына келтіру»
  3. «Бақытты балалар №1» 1 ықшам ауданындағы №11 көп қабатты үйлердің ойын алаңдарын жаңарту
  4. «Бақытты балалар №2» 1 ықшам ауданындағы №12 көп қабатты үйлердің ойын алаңдарын жаңарту
  5. «Бақытты балалар №3» 1 ықшам ауданындағы №18 көп қабатты үйлердің ойын алаңдарын жаңарту
  6. «Бақытты балалар №4» 3 ықшам ауданындағы №12 көп қабатты үйлердің ойын алаңдарын жаңарту
  7. Жаяу жүргіншілер өткелі
  8. «Есік қаласы аркаларын жаңарту»
  9. «Есік қаласы стелла жаңарту»
  10. «Первомайский - Островского көшелерінің қиылысын абаттандыру»
  11. «Ойын алаңдарын жаңарту» қаланың жоғарғы бөлігіндегі ескіріп кеткен балалар ойын алаңдарын жаңарту
  12. «Ойын алаңдарын жаңарту» Қаланың орталығындағы ескіріп кеткен балалар ойын алаңдарында жаңарту
  13. «Мәдениет үйінің алаңына заманауи орындықтар орнату»
  14. «Есік қаласындағы Уалиханов көшесін абаттандыру»
  15. «Сағат мұнарасын абаттандыру»

 

          Қала тұрғындарының тұрғылықты жері бойынша түскен өтінімдер Сараптамалық кеңес мүшелерімен талқыланып, кеңеспен мақұлданған жобалар «1 тұрғын – 1 дауыс» ашық дауыс беруге жіберілді.

Ұсынған жобалар үшін дауыс беру Есік қаласы әкімдігінің gov.kz сайты арқылы 2025 жылдың 5 сәуірінен басталып - 24 сәуірде аяқталды.        Дауыс беру нәтижелері бойынша халық көп дауыс берген, 10 дауыстан асатын 15 жоба қабылданып, толық іске асырылып, аяқталды.