Құрметті Бөлек ауылдық округінің қонақтары мен тұрғындары!
Сіздерді 9 мамыр - Жеңіс күні және Ұлы Отан соғысының 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіз еліміз үшін бүгінгі Ұлы Жеңіс күні – ең маңызды да, ең қасиетті мереке. Бұл Жеңіс – жеңімпаз әкелер мен аға буынның ісін алға апаратын жас ұрпақтың мерекесі. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін!