1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті жерлестер!
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн еліміздің әр азаматы үшін Отанға деген сүйіспеншілік белгісі, дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығының, әрбір қазақстандықтың шынайы патриотизмінің бейнесі болып табылады.
Біз өз бабаларымыздың тарихына жүгінеміз, достықтың, бейбітшіліктің және өзара түсінушіліктің ерекше атмосферасын, көп ұлтты халқымыздың бірлігі мен татулығын мақтан тұтамыз.
Осы атаулы күні сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, табыс және көктемгі көңіл-күй тілейміз!
Әр үйде жайшылық пен молшылық, бақыт пен амандық, энергия мен оптимизм болсын, жүректеріңіз жылу мен қуанышқа, жақсылық пен өзара түсінушілікке толсын!