Әскердегі тәртіп – адамға құрметтен басталады

Әскердегі тәртіп – адамға құрметтен басталады

Әскердегі тәртіп – адамға құрметтен басталады

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың айтуынша, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау – барлық деңгейдегі қолбасшылық жұмысының басым бағыты болуы тиіс.

Әскери қызмет қауіпсіздік, абырой, тәртіп пен әділет қағидаттарына негізделуі қажет.

Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, Мемлекет басшысы Бас әскери прокуратураға Қарулы Күштермен, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдармен бірлесіп екі жаңа жобаны енгізуді тапсырды:

• «Әскердегі заң және тәртіп»,
• «Цифрлық профилактика».

Мақсат – әрбір әскери қызметші қорғалған, ал командир сенім мен қолдауға ие болатын жүйені қалыптастыру.

Ең алдымен әскери бөлімдерде заманауи IT-жүйелермен бейнебақылау орнатылады. Жасанды интеллект технологияларын енгізу арқылы жағдайды автоматты түрде талдап, жеке құрамның қауіпсіздік деңгейін арттыру көзделуде.