Ақбастау ауылы, Алмалы көшесіне Ильяс Сулейменовтың есімін беру туралы хабарландыру

Ақбастау ауылы, Алмалы көшесіне Ильяс Сулейменовтың есімін беру туралы хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті, Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай ауылдық округі,
 Ақбастау ауылының тұрғындары!

    2025 жылғы 23 маусым күні, сағат 15:00-де, Ақбастау ауылында орналасқан Алмалы көшесіне Кеңес Одағының ардагері, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, еңбек ардагері Ильяс Сүлейменовтің есімін беру жөнінде жиын өтеді.
   Ильяс  Сүлейменов (1932–1989) — Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылында дүниеге келген. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941–1943 жылдары жауға қарсы ерлікпен шайқасты. Соғыстан кейінгі жылдары түрлі салада еңбек етіп, ел дамуына зор үлес қосты. Өзінің қажырлы еңбегі мен патриоттық рухының арқасында I дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және Республикалық құрмет грамотасымен марапатталған.
   1989 жылы дүниеден озған Ильяс Сүлейменовтің есімі жас ұрпаққа үлгі ретінде ұлықталып, мәңгілікке сақталуға лайық.
      Сіздерді осы маңызды жиынға белсене қатысып, ұсыныс-пікірлеріңізді білдіруге шақырамыз!
 
  Өтетін орны: Ақбастау ауылы, Алмалы көшесі
  Уақыты: 16 маусым 2025 жыл, сағат 10:00

Құрметпен,

Балтабай ауылдық округі әкімдігі