"Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
«Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі хабарлайды:
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы–«Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі - Бірінші кезең:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жер учаскесінің орналасқан жері схемасының электрондық көшірмесі.
Екінші кезең: түпкілікті келісілген таңдау актісі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны -Электрондық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Көрсетілетін қызметті берушінің кадастрлық жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Толық мәліметті Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар. Мекен-жайы: Бәйтерек ауылы, Әлмерек Абыз көшесі №32, 8/72775/51-3-35