Талғар өзеніндегі су деңгейінің көбейуіне байланысты Ават ауылдық округінің аумағындағы өзеннің сол жағалауында орналасқан баламалы жолды шайып кетті, су ағынының ұлғаюы нәтижесінде жақын маңдағы карьерлерді су басу қаупі туындады.
Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Ескендірұлы Байедиловтың тапсырмасы бойынша Ават ауылдық округінің әкімі Момунжан Акваржанович Исламовтың ұйымдастыруымен су басу болдырмау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыстар жүргізілді.
Жұмыс барысында "АКНМ" ЖШС, "АсфальтоБетон" ЖШС, "ДСУ-13" АҚ "Хан Элит Строй"ЖШС мекемелерінен 12 адам және 8 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
өзен арнасын тереңдету және нығайту жұмыстары жүргізілді.