Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың артықшылықтары
Біз жеңіл және ыңғайлы тәсілмен, қазіргі заманғы технологияларды белсенді қолдана отырып қарым қатынас жасайтын ақпараттық дәуірге әлде қашан жеттік. Электрондық Үкіметтің іс-әрекетінің қызмет ету тетігі ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға негізделген және азаматтар мен ұйымдарға барынша қызмет көрсетуге бағытталған. Қысқаша айтқанда, Электрондық үкімет дегеніміз мемлекет атқаратын барлық қызметтер мен функциялардың электронды түрі.
Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алудың тиімділігі:
- мемлекеттік қызметті алумен байланысты ақпаратты алудың қолжетімдігі;
- мемлекеттік қызмет алу рәсімін оңайлату;
- азаматтың өтініші бойынша жұмыстың әр кезеңінде оның хабардарлығы;
- мемлекеттік қызметті көрсету туралы өтінішті үй немесе жұмыс компьютерінен беру мүмкіндігі;
- өтініш беру және лицензия алу;
- электрондық цифрлық қолтаңба (ЭСҚ) рәсімдеу ;
- жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі жайлы анықтама алу, баланың туылуын тіркеу және т.б.;
Көрсетілген мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу үшін «Электрондық үкімет» (www.egov.kz.) веб-порталына тіркеліп, «Е-лицензиялау» (www.elicense.kz) бөліміне өту қажет. Мемлекеттік қызметтерді алудың маңызды шарты, қызмет алушының қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбасының (ЭЦҚ) бар болуы.
Толық ақпараттық мәліметтерді, қажетті құжаттар тізілімін www.egov.kz электронды үкімет порталы арқылы немесе ақпарат алу үшін Асы ауылдық округінің аппаратына жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.