«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар «электрондық үкімет» порталы арқылы келесі құжаттарды ұсынады:

          Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар «электрондық үкімет» порталы арқылы келесі құжаттарды ұсынады:
- көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған жер учаскесіне кезекке қою туралы өтініш.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 20 (жиырма) минут ішінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: Өтінішті арнайы есепке қою туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Жұмыс кестесі: порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Қосымша ақпарат алу үшін Асы ауылдық округі әкімінің аппаратына хабарласуға болады.
Мекен-жайы: Қызылшарық ауылы, Рысқұлбеков көшесі, 13
Байланыс телефоны: 8 (72776) 7-75-45