«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
«Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі хабарлайды:
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы - «Ақши ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері – «Электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі -
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен не көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат түрінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға өтініш.
Мемлекеттік қызметті көрсету түрі - Электрондық (ішінара) автоматтандырылған).
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 20 (жиырма) минут ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Өтінішті арнайы есепке қою туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Толық мәліметті Ақши ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар. Мекен-жайы: Ақши ауылы, Дәркембай көшесі №47, 8/72775/2-22-96