Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпарат
Әкім аппараты
Все материалы
10 февраля 2025
"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмысындағы негізгі ұстанымдардың бірі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғап, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

Осы ретте, "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бойынша «Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі хабарлайды:

"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

      Ескерту. 15-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) пайдаланушының "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылға арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;

      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

  1. Осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау портал арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

  1. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақының төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда цифрлық құжаттарды алады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының келісуімен порталда тіркеу барысында жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

  1. Жер учаскесін алуға кезекке қоюға арналған өтініштерді арнайы есепке алынуын қалыптастыруға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 20 (жиырма) минут ішінде:

      порталда авторландыру рәсімін өтеді;

      жер учаскесін алуға кезектілік тізіміне көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізеді;

      жер учаскесін алуға кезектілік тізіміне деректерді енгізгеннен кейін интеграциялық өзара әрекеттесулер жолымен автоматты түрде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті барлық қажетті мәліметтерді өңдейді;

      көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған өтінішті арнайы есепке қою туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты жолдайды.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

  1. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағынасәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

  1. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағынасәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

 

 

"Жер учаскесін алу үшін
кезекке қою" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

20 (жиырма) минут ішінде.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету түрі

Электрондық (ішінара) автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Өтінішті арнайы есепке қою туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсы;
3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен не көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат түрінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға өтініш.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

 

Әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыспен қамту
12 декабря 2024
ДЕПАРТАМЕНТПЕН ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

ДЕПАРТАМЕНТПЕН ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қонаев қаласының тұрғынының автокөлігін Бірыңғай ақпараттық жүйенің дерекқорында автокөліктердің VIN-кодтарының болмауына байланысты автокөліктерді тіркеуден бас тартқандығын анықтады.
Тексеру барысында Алматы облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасына көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша сот-медициналық сараптама маманының қорытындысы талап етілгендігі анықталды.
Алайда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген «Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына» сәйкес бірыңғай ақпараттық жүйе дерекқорына өзгерістер енгізу үшін сот-медициналық сараптама маманының қорытындысы қажет емес.
Осыған байланысты бірыңғай ақпараттық жүйе дерекқорына көліктің VIN кодтарын реттеліп, енгізілді. Осылайша қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

04 декабря 2024
8 А сынып оқушысы Нурбекова Көркем бокстан халықаралық ашық турнирде жүлделі ll-орын иеленді.

8 А сынып оқушысы Нурбекова Көркем бокстан халықаралық ашық турнирде жүлделі ll-орын иеленді.

🎉Сынып жетекшісі: Жумабекова Асыл Мейрамбековна

27 ноября 2023
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

«Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі хабарлайды:

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы -  «Ақши ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері – «Электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі -
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен не көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат түрінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға өтініш.

Мемлекеттік қызметті көрсету түрі - Электрондық (ішінара) автоматтандырылған).

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 20 (жиырма) минут ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Өтінішті арнайы есепке қою туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Толық мәліметті Ақши ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар. Мекен-жайы: Ақши ауылы, Дәркембай көшесі №47, 8/72775/2-22-96

21 сентября 2023
"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

«Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі хабарлайды:

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы – «Ақши ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі -
1) "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш;

2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) жер учаскесінің кадастрл ық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 5 (бес) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Толық мәліметті Ақши ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар. Мекен-жайы: Ақши ауылы, Дәркембай көшесі № 47, 8/72775/2-22-96

 

24 апреля 2023
"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

«Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі хабарлайды:

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы – «Ақши ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі - көрсетілетін қызметті берушіге:
1) жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі;
порталға:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған электрондық өтініш;
2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - Электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Толық мәліметті Ақши ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар. Мекен-жайы: Ақши ауылы, Дәркембай көшесі №47, 8/72775/2-22-96

13 февраля 2023
"Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

"Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

«Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі хабарлайды:

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы–«Ақши ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі - Бірінші кезең:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жер учаскесінің орналасқан жері схемасының электрондық көшірмесі.
Екінші кезең: түпкілікті келісілген таңдау актісі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны -Электрондық.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Көрсетілетін қызметті берушінің кадастрлық жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Толық мәліметті Ақши ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар. Мекен-жайы: Ақши ауылы, Дәркембай көшесі №47, 8/72775/2-22-96

20 декабря 2022
"Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары «Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

"Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

«Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі хабарлайды:

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы – «Ақши ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі - Бірінші кезең:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жер учаскесінің орналасқан жері схемасының электрондық көшірмесі.
Екінші кезең: түпкілікті келісілген таңдау актісі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - Электрондық.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Көрсетілетін қызметті берушінің кадастрлық жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Толық мәліметті Ақши ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар. Мекен-жайы: Ақши ауылы, Дәркембай көшесі №47, 8/72775/2-22-96

 

 

29 ноября 2022
"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары «Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі хабарлайды

 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы – «Ақши ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары) - www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал). Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - Бірінші кезең: сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау (жер учаскесін объектілер салу үшін сұратылған кезде), жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде. Екінші кезең: сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - Электрондық. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Жер учаскесіне құқық беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері - Тегін. Жұмыс кестесі - Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.moa.gov.kz интернет-ресурсында; 2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында; 3) порталда орналасқан. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі - Бірінші кезең: 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқық алуға арналған өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспар). Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер - 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 24-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде және 6-тармағында, 49-2-бабының 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2, 2-1 және 4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. Толық мәліметті Ақши ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар. Мекен-жайы: Ақши ауылы, Дәркембай көшесі №47, 8/72775/2-22-96

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы