Меню
Баспасөз орталығы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік-еңбек саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Мекенжай 010000, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктерүйі, 6-кіреберіс
Кеңсе + 7 (7172) 74-37-23, 74-36-03, 74-36-79, 74-36-04
Сенім телефондары 

8 (7172)  74-37-25 - әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың бұзылу мәселесі бойынша;

8 (7172) 74-34-91 - еңбек қатынастары саласындағы заңнаманың бұзылу мәселесі бойынша;

8 (7172) 74-34-51 - этникалық көші-қон саласындағы заңнаманың бұзылу мәселесі бойынша;

8 (7172) 74-37-80 - еңбек көші-қон саласындағы заңнаманың бұзылу мәселесі бойынша;

8 (7172) 74-37-23 – қоғамдық қабылдау бөлменің телефоны;

8 (7172) 74-35-75– Министрлік қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері, Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі нормаларын сақтамау мәселелері бойынша

e-mail kense@enbek.gov.kz 
1
Страницы
Байланыс ақпараты
Министрлік туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Комитет
Басқарма туралы
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы

«42 500 теңге» төлемін алушыларға карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ қосымша аударылады

«42 500 теңге» төлемін алушыларға карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ қосымша аударылады

Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан карантиндік шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы төлем алушыларға төленетін 42500 теңгеге қосымша 0,5 ең төменгі жалақы (бұдан әрі – ЕТЖ) автоматты түрде аударылады.

Карантин ұзартылғаннан кейін МӘСҚ-дан біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылғы шілдеде карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істейтін қазақстандықтарға табысын толық жоғалтқан жағдайда бір ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындау жүзеге асырылады.

Жоғарыда көрсетілген төлемге азаматтардың келесі санаттары үміткер бола алады:

1) мемлекеттік заңды тұлғалардың (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерінен басқа), сондай-ақ акциялары мен жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің 100% - ы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың қызметкерлерін қоспағанда, жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлер;

2) жеке кәсіпкерлер;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар;

5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар.

Естеріңізге сала кетейік, 30 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша азаматтардан МӘСҚ-дан біржолғы төлем тағайындауға 2,3 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданған. Төлем 2 млн 80 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 58 мың қазақстандыққа аударылды.

Дата публикации
30 July 2020
Направления деятельности
Популярные новости
Социальные медиа
Меню подвал
Тұрақты даму мақсаттары
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Президентінің жолдаулары
Виртуалды қабылдау
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Парламентінің сайты
Ашық Үкімет
Заңнама
ҚР Үкіметінің құрылымы