С. Жақыпова Жеңістің 80 жылдығымен 102 жастағы Ұлы Отан соғысы ардагерін құттықтады

С. Жақыпова Жеңістің 80 жылдығымен 102 жастағы Ұлы Отан соғысы ардагерін құттықтады

Жеңіс күні қарсаңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ҰОС ардагері Рзагул Байкешевті Ұлы Жеңістің  80 жылдық мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық тіледі, сондай-ақ оған арнайы сыйлық себетін табыс етті.

Рзагул Байкешев Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында дүниеге келген. Соғыс қимылдары бастала салысымен ол майданға шақырылып, Калинин облысында (қазір – Тверь облысы, Ресей Федерациясы) шайқасты, Рыжов қаласы мен Великий Луг үшін ұрыстарға, сондай-ақ Польша, Румыния және Венгрияны эфрейтор атағымен азат етуге қатысты. Ардагердің екі ұл, бес немересі мен жеті шөбересі бар.

Соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Отан соғысы орденімен, Маршал Г. К. Жуков медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Естеріңізге сала кетейік, соғыс жылдарында майданға 1 млн 200 мыңнан астам қазақстандық шақырылып, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да әскери құралымдар құрылды. Жауынгерлік еңбегі үшін жүз мыңдаған қазақстандық ордендермен және медальдармен марапатталды, олардың 500-ге жуығы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Төрт қазақстандық екі мәрте Батыр атанды. 110 адам үш дәрежелі Даңқ орденімен наградталды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 105 ҰОС-ның қатысушысы және Жеңіске үлес қосқан басқа да санаттағы 407 азамат тұрады.

Аға буынды қолдаудың мемлекеттік саясаты шеңберінде, өзге де әлеуметтік төлемдерге қарамастан, ҰОС қатысушылары мен мүгедектерін, тыл еңбеккерлерін, ақталған азаматтарды және басқаларды қоса алғанда, 19 санаттағы азаматтарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы беріледі. ҰОС ардагерлері үшін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері 271 802 теңгені, тыл еңбеккерлері үшін – 179 800 теңгені құрайды.

Жеңістің 80 жылдығына орай жергілікті атқарушы органдар ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңге, ҰОС Жеңісіне үлес қосқан өзге де санаттардағы азаматтарға 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейін біржолғы әлеуметтік көмек көрсетті.