С. Жақыпова Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

С. Жақыпова Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтады. Ол еліміздің барлық азаматтарына зор денсаулық, отбасыларына амандық, бейбітшілік, келісім мен өркендеу тіледі.

«Құрметті отандастар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен – достықтың, келісім мен ұлттық бірліктің мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
1 мамыр – елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің бірлігін, бейбітшілігі мен ынтымағын айқындайтын, Қазақстанның өркендеуіне күн сайын өз еңбегімен үлес қосып жүрген әр азамат үшін ортақ мереке. Бұл күн – еліміздегі барлық ұлттар мен конфессиялардың татулығын, достығы мен бірлігін бейнелейтін, еліміздің жарқын болашағына сеніммен қадам басуға жетелейтін маңызды мейрам.

Аға буын үшін бұл – еңбек ынтымақтастығының символы, ал жас ұрпақ үшін – көктемгі жаңғыру мен үміттің, жарқын болашаққа ұмтылыстың белгісі.

Біздің басты міндетіміз – рухани және мәдени құндылықтарды сақтап, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайту.

Осы жарқын мерекеде әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, елге тыныштық пен бірлік тілеймін!» – делінген министр Светлана Жақыпованың құттықтауында.