2025 жылғы 11 сәуірде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барады, онда өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі форумға қатысады, әлеуметтік маңызы бар объектілерге барады, қоғам өкілдерімен және тұрғындармен кездесу өткізеді, сондай-ақ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Жұмыс сапары кезінде өңір халқымен бірге әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті проблемалар талқыланады, сондай-ақ тұрғындардың мәселелері қаралады.
Министрге жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы арқылы (www.gov.kz), Egov.kz электрондық үкімет порталы, «Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (suraqtar.kz).
Сондай-ақ, телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 74 37 23, 74 36 79.