Еңбекмині жастар практикасына қатысушылар санаттарының санын арттыруды жоспарлауда

Еңбекмині жастар практикасына қатысушылар санаттарының санын арттыруды жоспарлауда

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 476 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасын (бұдан – Жоба) әзірледі. Құжат жария талқылау үшін 2025 жылғы 15 сәуірге дейін «Ашық НҚА» порталына орналастырылды.

Өзгерістер «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларын іске асыруды тоқтатуды және жастар практикасына қатысушылар санатын арттыруды көздейді.

Сонымен бірге Жобада жастар практикасына қатысушылардың жалақысы кемінде 30 айлық есептік көрсеткішті құрайтыны белгіленуі ұсынылады.

Бұл ретте жасалған келісімшарттарға сәйкес «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарға  олардың еңбек қызметінің көзделген мерзімі аяқталғанға дейін осы жобаларға қатысуды жалғастыру құқығы беріледі.

Осы Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығыстарды талап етпейді.

Құжатпен «Ашық НҚА» порталына өтіп, https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15503170 сілтемесі бойынша толығырақ танысуға болады.